Жаңалықтар
Хабарландыру
«Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Қостанай қаласы білім бөлімінің №30 жалпы білім беретін мектебі» КММ төмендегі бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:
- директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – 1 мөлшерлеме;
- логопед – 1 мөлшерлеме;
- АӘД педагогы (алғашқы әскери дайындық) – 1 мөлшерлеме;
- математика пәнінің мұғалімі – 1 мөлшерлеме.
Мектеп туралы ақпарат
Мекенжайы: Қостанай қаласы, Энергетиктер көшесі, 12
Пошта индексі: 110000
Телефондар: 8 (7142) 25-82-81, 25-70-10
Электрондық пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Құжаттарды қабылдау мерзімі
03.09.2026 – 11.09.2026 ж.
Құжаттарды қабылдау уақыты: жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін.
Білім беру ұйымдарына педагогтерді жұмысқа қабылдау мемлекеттік
органның ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады:
https://hr-nobd.edu.kz/
Қосымша ақпарат алу үшін:
Телефон/WhatsApp: 8 775 524 81 38
Директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары
Кочутова Гульмира Амангалиевна
Біліктілік талаптары
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі «Педагогтар лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» №338 бұйрығына сәйкес:
5-параграф. Білім беру ұйымы басшысының (директорының) тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
58. Лауазымдық міндеттері:
- тәрбие процесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
- тәрбие жұмысын ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады;
- аға тәлімгерлердің, ұзартылған күн топтары тәрбиешілерінің, сынып жетекшілерінің, педагог-психологтардың, әлеуметтік педагогтардың және қосымша білім беру педагогтарының қызметін жоспарлауды және бақылауды жүзеге асырады;
- тәрбие жұмысы жөніндегі, мәдени-тәрбие іс-шараларын дайындау және өткізу жөніндегі құжаттаманы әзірлеуді қамтамасыз етеді;
- тәрбие процесінің мазмұны мен жүргізілу сапасына жүйелі бақылауды жүзеге асырады;
- педагогтерді іріктеуге қатысады, педагогтердің кәсіби дамуы, біліктілігі мен кәсіби құзыреттілігін арттыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
- әкімшіліктің, әлеуметтік-психологиялық қызметтердің және тәрбие процесін қамтамасыз ететін білім беру ұйымдары бөлімшелерінің жұртшылық және құқық қорғау органдары өкілдерімен, ата-аналар жұртшылығы, қамқоршылық кеңес өкілдерімен өзара іс-қимылын үйлестіреді;
- білім беру процесіне барлық қатысушылардың төзімді мінез-құлық мәдениетін қамтамасыз етеді;
- білім алушылар мен тәрбиеленушілерді, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылар мен тәрбиеленушілерді психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу процесі мен психологиялық қызметтің жұмысын үйлестіреді;
- мектеп-ата-ана қатынастарының жаңа нысандарын, мектеп пен отбасының толық өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;
- білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің жай-күйін бақылауды жүзеге асырады;
- тәрбие іс-шараларын өткізу кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады;
- кибер мәдениетті және кибергигиенаны дамытады;
- білім алушылардың, педагогтердің конкурстарға, слеттерге, конференцияларға қатысуын қамтамасыз етеді;
- кәсіптік бағдарлау жұмысын жүргізеді;
- есептік құжаттаманың сапалы және уақтылы тапсырылуын қамтамасыз етеді;
- ата-аналарға арналған педагогикалық консилиумдар ұйымдастырады және өткізеді;
- мектеп парламентінің, пікірталас қозғалысының, оқушылардың өзін-өзі басқаруының, «Жас қыран», «Жас ұлан» балалар ұйымының жұмысын ұйымдастырады;
- «Қоғамға қызмет ету», «Отанға табыну», «Үлкендерді құрметтеу», «Ананы құрметтеу» қоғамдық-пайдалы жұмыстарын ұйымдастырады;
- білім беру ұйымдары түлектерінің қауымдастығын құру және оның қызметін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
- педагогикалық еңбек ардагерлерімен өзара іс-қимыл жасайды;
- білім беру ұйымы мұражайының жұмысын ұйымдастырады;
- туристік жорықтар мен экскурсиялар ұйымдастырады;
- білім алушылардың бойында патриоттық тәрбие, іскерлік қарым-қатынас дағдыларын, тамақтану мәдениетін қалыптастыруды қамтамасыз етеді;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтер және басқа қызметкерлер арасында академиялық адалдық қағидаттарын дәріптейді.
59. Білуге тиіс:
- Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерді;
- педагогика және психология негіздерін;
- білім берудің, педагогикалық ғылым мен практикаға қол жеткізудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын;
- педагогикалық әдеп нормаларын;
- экономика, қаржы-шаруашылық қызметінің негіздерін;
- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелерін, санитарлық ережелер мен нормаларды.
60. Біліктілікке қойылатын талаптар:
Тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі немесе педагогикалық қайта даярлауды, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл екенін растайтын құжат;
және (немесе) «үшінші біліктілік санаты басшысының орынбасары» немесе «екінші біліктілік санаты басшысының орынбасары» немесе «бірінші біліктілік санаты басшысының орынбасары» біліктілік санатының болуы не «педагог-сарапшы» біліктілігінің болуы немесе «педагог-зерттеуші» немесе «педагог-шебер» біліктілігінің болуы.
7-параграф. Барлық мамандықтар бойынша педагогтер
64. Лауазымдық міндеттері:
- оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;
- білім алушы мен тәрбиеленушінің жалпы мәдениетінің қалыптасуына және оның әлеуметтенуіне ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және олардың дамуына ықпал етеді;
- білім алушыда педагогке құрметпен қарауды тәрбиелейді;
- білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын қолданады;
- пәндер бойынша қысқа мерзімді және орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) жоспарларды, бөлім бойынша жиынтық бағалау және тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын құрады;
- бөлім бойынша жиынтық бағалау және тоқсан бойынша жиынтық бағалау нәтижелері бойынша түсініктемелері бар талдау жүргізеді;
- журналдарды (қағаз немесе электрондық) толтырады;
- білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
- оқу бағдарламаларын, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларға арналған бағдарламаларды әзірлеуге және орындауға қатысады;
- білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтары мен бейімділіктерін зерделейді;
- инклюзивті білім беруге жағдай жасайды;
- ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушының жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқу бағдарламаларын бейімдейді;
- интерактивті оқу материалдары мен цифрлық білім беру ресурстарын пайдалана отырып, қашықтықтан оқыту режимінде сабақтарды ұйымдастырады;
- әдістемелік бірлестіктердің, мұғалімдер қауымдастығының, әдістемелік және педагогикалық кеңестердің, желілік қауымдастықтардың отырыстарына қатысады;
- ата-аналарға арналған педагогикалық консилиумдарға қатысады;
- ата-аналарға консультация береді;
- кәсіби құзыреттілігін арттырады;
- қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтайды;
- білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;
- ата-аналармен немесе олардың орнын алмастыратын тұлғалармен ынтымақтастықты жүзеге асырады;
- білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттардың тізбесіне сәйкес құжаттарды толтырады;
- білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын қалыптастырады.
65. Білуге тиіс:
- Қазақстан Республикасының Конституциясын;
- Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік медициналық-педагогикалық және түзеу арқылы қолдау көрсету туралы» заңдарын;
- Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерді;
- оқу пәнінің мазмұнын, оқу-тәрбие процесін, оқыту және бағалау әдістемесін;
- педагогика мен психологияны;
- пәнді оқыту әдістемесін, тәрбие жұмысын, оқыту құралдарын және олардың дидактикалық мүмкіндіктерін;
- педагогикалық әдеп нормаларын;
- оқу кабинеттері мен қосалқы үй-жайларды жабдықтауға қойылатын талаптарды;
- құқық негіздерін және еңбекті ғылыми ұйымдастыруды, экономиканы;
- еңбек заңнамасының негіздерін, қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі қағидаларын, санитариялық қағидалар мен нормаларды.
66. Біліктілікке қойылатын талаптар:
Тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі педагогикалық білімінің немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білімінің немесе педагогикалық қайта даярлаудан өткенін растайтын құжатының болуы және жұмыс өтіліне талап қойылмауы.
Жоғары және орта біліктілік деңгейі болған жағдайда педагогикалық жұмыс өтілі:
- педагог-модератор үшін – кемінде 2 жыл;
- педагог-сарапшы үшін – кемінде 3 жыл;
- педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл;
- педагог-шебер үшін – кемінде 5 жыл.
67. Кәсіби құзыреттері айқындала отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
1) «Педагог»:
- оқу пәнінің мазмұнын, оқу-тәрбие процесін, оқыту және бағалау әдістемесін білуі тиіс;
- білім алушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлап, ұйымдастыра білуі тиіс;
- білім алушының жалпы мәдениетінің қалыптасуына және оның әлеуметтенуіне ықпал етуі тиіс;
- білім беру ұйымы деңгейінде өткізілетін іс-шараларға қатысуы тиіс;
- білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке тәсілді жүзеге асыруы тиіс;
- кәсіби-педагогикалық диалог жүргізу дағдыларын меңгеруі, цифрлық білім беру ресурстарын қолдануы тиіс.
2) «Педагог-модератор»:
«Педагог» біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сәйкес келуі тиіс, сондай-ақ оқытудың инновациялық нысандарын, әдістері мен құралдарын қолдануы және кәсіби шеберлік конкурстарына, олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушыларды, жүлдегерлерді немесе жеңімпаздарды дайындауы тиіс.
3) «Педагог-сарапшы»:
«Педагог-модератор» біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сәйкес келуі тиіс, сондай-ақ оқу-тәрбие процесін талдау, кәсіби даму бағыттарын айқындау, кәсіби шеберлік конкурстарына және олимпиадаларға қатысушыларды дайындау дағдылары болуы тиіс.
4) «Педагог-зерттеуші»:
«Педагог-сарапшы» біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сәйкес келуі тиіс, сондай-ақ сабақты зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу, білім алушылардың зерттеушілік дағдыларын дамыту, тәлімгерлік қызметті жүзеге асыру, тәжірибесін жинақтау және кәсіби тәжірибесін тарату дағдылары болуы тиіс.
5) «Педагог-шебер»:
«Педагог-зерттеуші» біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сәйкес келуі тиіс, сондай-ақ авторлық бағдарламасы немесе оқу-әдістемелік құралдары болуы, кәсіби конкурстар мен олимпиадаларда нәтижелері, тәлімгерлік қызмет тәжірибесі және кәсіби тәжірибесін таратуы тиіс.
10-параграф. Орта білім беру ұйымдарының арнайы педагогі
76. Лауазымдық міндеттері:
- мүмкіндігі шектеулі балалармен жеке, топтық және шағын топтық сабақтар өткізеді;
- арнайы педагогикалық тексеру жүргізеді және тәрбиеленушілердің ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалауды жүзеге асырады;
- жеке оқу, жеке дамыту, түзете-дамыту бағдарламаларын әзірлейді және іске асырады;
- ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асырады;
- басқа педагогтермен және мамандармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді;
- инклюзивтілік қағидатын іске асыруға ықпал етеді;
- ата-аналарға және заңды өкілдерге арнайы әдістер мен тәсілдерді қолдану бойынша консультация береді;
- өзінің кәсіби құзыреттілігін арттырады;
- әдістемелік кеңестердің, әдістемелік бірлестіктердің, желілік қауымдастықтардың отырыстарына қатысады;
- ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарға толерантты көзқарасты қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізеді;
- қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтайды;
- балалардың өмірін, денсаулығын және құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді.
77. Білуге тиіс:
- Қазақстан Республикасының Конституциясын;
- «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік медициналық-педагогикалық және түзеу арқылы қолдау көрсету туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарын;
- арнайы педагогиканы;
- оқу-тәрбие процесін жобалау және ұйымдастыру негіздерін;
- арнайы білім беру саласындағы соңғы жетістіктерді;
- педагогикалық әдеп нормаларын;
- еңбек заңнамасының негіздерін, қауіпсіздік және еңбекті қорғау қағидаларын, өрт қауіпсіздігі талаптарын, санитариялық қағидаларды.
78. Біліктілікке қойылатын талаптар:
«Арнайы білім беру» бағыты бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімінің немесе педагогикалық қайта даярлаудан өткенін растайтын құжатының болуы, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
- педагог-модератор үшін – кемінде 2 жыл;
- педагог-сарапшы үшін – кемінде 3 жыл;
- педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл;
- педагог-шебер үшін – кемінде 5 жыл.
79. Кәсіби құзыреттері айқындала отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
Арнайы педагог балалардың даму жағдайын диагностикалау, психологиялық- педагогикалық қолдау әдістерін қолдану, заманауи дефектологиялық, арнайы педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істеу, ата-аналармен және басқа мамандармен өзара іс-қимыл жасау құзыреттеріне ие болуы тиіс.
7-параграф. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы педагогі
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушысының 2026 жылғы 19 маусымдағы №173-НҚ және 2026 жылғы 25 мамырдағы №137-НҚ бұйрықтарына сәйкес:
288. Лауазымдық міндеттері:
- білім алушыларды әскери-патриоттық тәрбиелеу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
- оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік кешендерді әзірлейді;
- оқу кабинетін жарақтандыруға және жабдықтауға қойылатын талаптарды сақтайды;
- әскери-патриоттық жұмыс жоспарын әзірлейді және оның орындалуын қамтамасыз етеді;
- бастапқы әскери даярлық кабинеттерінің және полигондардың материалдық базасын дамыту және нығайту жөнінде шаралар қабылдайды;
- әскери істің негіздерін зерделеу жөніндегі үйірмелерге басшылық етеді;
- төтенше жағдай енгізілген жағдайда іс-қимылдар бойынша практикалық сабақтар мен жаттығулар өткізеді;
- азаматтық қорғаныс бойынша сабақтар өткізеді;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және академиялық адалдық қағидаттарын дәріптейді.
289. Білуге тиіс:
- Қазақстан Республикасының Конституциясын;
- «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» заңдарын;
- «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы», «Қорғаныс және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері туралы» заңдарын;
- бастапқы әскери даярлық мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді;
- мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын;
- оқу пәнінің мазмұнын, оқу-тәрбие процесін, оқыту және бағалау әдістемесін;
- педагогика мен психологияның, әлеуметтанудың негіздерін;
- педагогикалық әдеп нормаларын;
- еңбек заңнамасын, қауіпсіздік және еңбекті қорғау қағидаларын, өрт қауіпсіздігі талаптарын.
290. Біліктілікке қойылатын талаптар:
Тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімі және жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білім беру ұйымдарының әскери кафедрасында (әскери факультетінде) әскери қызмет өткерген немесе запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлықтан өткен болуы тиіс;
немесе
офицерлік, аға немесе жоғары сержанттық құрам лауазымдарында әскери қызмет өткерген, жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі бар және педагогикалық қайта даярлаудан өткен болуы тиіс.
291. Кәсіби құзыреттері айқындала отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
«Педагог» біліктілігіне үміткер білім алушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып оқу-тәрбие процесін жоспарлау және ұйымдастыру, әскери-патриоттық тәрбие беру, кәсіби-педагогикалық диалог жүргізу және цифрлық білім беру ресурстарын қолдану дағдыларына ие болуы тиіс.
Жоғары біліктілік санаттарына үміткерлерге тиісті біліктілік деңгейіне сәйкес инновациялық әдістерді қолдану, тәлімгерлік қызметті жүзеге асыру, тәжірибесін жинақтау, олимпиадалар мен конкурстарға қатысушыларды дайындау және кәсіби қауымдастықтың дамуына үлес қосу талаптары қойылады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын және педагогтерін лауазымдарға тағайындау, лауазымдардан босату қағидаларының» 3-тарауы, 1-параграфына сәйкес:
154. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға:
- осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысу туралы өтініш;
- жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат;
- кадрлар есебі жөніндегі жеке іс парағы;
- лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білім туралы құжаттардың көшірмелері;
- еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);
- денсаулық жағдайы туралы анықтама;
- психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
- наркологиялық ұйымнан анықтама;
- сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының бар екенін растайтын куәлік (болған жағдайда);
- ағылшын тілі педагогі лауазымына үміткерлер үшін арнайы сертификаттар мен құжаттар;
- тиісті жағдайларда техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арнайы пәндер педагогтері мен өндірістік оқыту шеберлеріне қатысты сертификаттаудан босату туралы талаптар;
- осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
- жұмыс өтілі жоқ кандидат үшін кемінде 10 минуттық, ең төменгі ажыратымдылығы 720 × 480 болатын бейнепрезентация (өзін-өзі таныстыру).
155.
Кандидат болған жағдайда өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне және кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты ұсына алады:
- біліктілікті арттыру туралы құжаттардың көшірмелері;
- ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтарды беру туралы құжаттар;
- ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар;
- біліктілік санаттары туралы құжаттар.
156.
Осы Қағидалардың 154-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы кандидатқа құжаттарды қайтаруға негіз болып табылады.
Еңбекақы төлеу туралы ақпарат
Орташа лауазымдық жалақысы: 100 000 – 130 000 теңге аралығында.
Ескерту: лауазымдық жалақы хабарландыруда көрсетілген сомадан өзгеше болуы мүмкін. Ол педагогтің жұмыс өтіліне және нақты біліктілік санатына байланысты белгіленеді.
Анықтама үшін байланыстар
Қабылдау бөлмесі:
8 (7142) 25-82-81, 25-70-10
Директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары:
Кочутова Гульмира Амангалиевна
Телефон/WhatsApp: 8 775 524 81 38
2026–2027 оқу жылындағы мектеп формасына қойылатын талаптар
Құрметті ата-аналар!
Мектеп формасы білім беру ұйымындағы іскерлік ортаны қалыптастыруға, тәртіп пен ұқыптылыққа тәрбиелеуге, сондай-ақ барлық білім алушылар үшін тең жағдай жасауға бағытталған.
Мектеп формасына қойылатын негізгі талаптар
- Орта білім беру ұйымдарының міндетті мектеп формасы оқытудың зайырлы сипатына сәйкес келеді.
-
Мектеп формасы білім алушылардың жас ерекшеліктеріне қарай:
- күнделікті;
- мерекелік;
- спорттық
-
Ұлдарға арналған мектеп формасы:
- пиджак;
- жилет;
- еркін пішілген, тобықты жауып тұратын шалбар;
- мерекелік және күнделікті жейде;
- түймелері бар немесе сыдырмалы тоқылған күрте (кардиган);
- поло жейде немесе тенниска;
- қыс мезгілінде – трикотаж жилет пен водолазка.
-
Қыздарға арналған мектеп формасы:
- пиджак;
- жилет;
- юбка;
- еркін пішілген, тобықты жауып тұратын шалбар;
- классикалық жейде;
- түймелері бар немесе сыдырмалы тоқылған күрте (кардиган);
- поло жейде немесе тенниска;
- қыс мезгілінде – трикотаж жилет, сарафан және водолазка.
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығының 13-тармағына сәйкес мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға жол берілмейді.
- Ата-аналар мен өзге де заңды өкілдер мектеп формасын тігетін кәсіпорынды немесе оқушы киімдерін сататын сауда желісін өздері таңдай алады.
- Ата-аналар (заңды өкілдер) білім алушылардың мектепте белгіленген мектеп формасын сақтауына жауап береді.
Мектеп Жарғысынан үзінді
- 78-тармақ. Мемлекеттік мекеме зайырлы және діни білім берудің бөлектілік қағидатын сақтайды. Діни тәрбиенің кез келген түріне жол берілмейді.
- 79-тармақ. Саяси партиялардың, қоғамдық-саяси және діни қозғалыстар мен ұйымдардың ұйымдастырушылық құрылымдарының құрылуына және қызмет етуіне жол берілмейді.
- 80-тармақ. Оқытудың зайырлы сипатын қамтамасыз ету және білім алушылар арасындағы әлеуметтік, мүліктік және өзге де айырмашылықтардың алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар белгіленеді.
- 81-тармақ. Мектеп формасы білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып енгізіледі. Форманың түсі, үлгісі және юбка ұзындығы мемлекеттік мекеме тарапынан айқындалып, жалпы мектептік ата-аналар жиналысының хаттамасымен бекітіледі.
- 82-тармақ. Міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар мемлекеттік мекеменің фойесінде және ресми интернет-ресурсында орналастырылады.
- 83-тармақ. Мектеп басшысы ата-аналарды (заңды өкілдерді) білім беру қызметтерін көрсету туралы шартты ресімдеу кезінде және жалпы мектептік ата-аналар жиналысында мектеп формасына қойылатын талаптармен таныстырады.
- 84-тармақ. Шектеу іс-шаралары енгізілген, төтенше жағдай жарияланған немесе әлеуметтік, табиғи, техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен форс-мажорлық мән-жайлар туындаған кезде ата-аналар балаларды мемлекеттік мекемеге баруға қолайлы іскерлік немесе классикалық стильдегі киіммен қамтамасыз етеді. Бұл талаптар шектеулер немесе төтенше жағдайлар тоқтатылғанға дейін қолданылады.
Жаңа оқу жылы басталғанға дейін мектеп формасын алдын ала дайындап, белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз етулеріңізді сұраймыз. Ынтымақтастықтарыңыз бен мектеп дәстүрлерін қолдағандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!














